24 қар, 2020 сағат 11:26

ЕАЭО елдері транзиттік жүк тасымалын толығымен электрондық форматқа көшірмек

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер транзиттік жүк тасымалын толығымен электрондық форматқа көшіруді көздеп отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдері бірлесіп, транзитті электрондық форматқа толық көшіру жүргізіліп жатыр. Транзиттік жүктерге онлайн режимде мониторинг жүргізу мақсатында навигациялық пломбаларды пайдалану жоспарланып отыр. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы бірыңғай транзиттік жүйені дұрыс құра отырып, біз қазақстандық тасымалдаушыларға экономикалық одақтың бүкіл аумағы бойынша транзит еркіндігін қамтамасыз етеміз. Олар санаулы күннің ішінде тауарын еш кедергісіз жеткізуге мүмкіндігіне ие болып отыр», - деді Қанат Баеділов.