5-7 наурыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары жарысқа екі құраммен қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ерлер:
- 60 келі Елдос Сметов, Дамир Болатбеков
- 66 келі Ерлан Серікжанов, Кемелбек Молдаш
- 73 келі Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин
- 81 келі Дидар Хамза, Руслан Мұсаев
- 90 келі Ерсұлтан Мұзаппаров, Асылан Сағитбек
- 100 келі Айбек Серікбаев, Арман Қалиев
+ 100 келі Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Бас бапкер: Ғалымжан Жылгелдиев.
Әйелдер:
- 48 келі Ғалия Тынбаева, Әбиба Абужақынова
- 52 келі Анна Казюлина, Нұрсұлу Ералиева
- 57 келі Севара Нишанбаева, Бақыт Кұсақбаева
- 63 келі Иоланта Бердібекова
- 70 келі Мөлдір Нарынова, Зере Бектасқызы
- 78 келі Зарина Райфова, Назерке Тілеуханова
+ 78 келі Назгүл Маратова, Камила Берліқаш
Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев.
Дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Трансляция кестесі:
5 наурыз, 17:55 тікелей эфир
6 наурыз, 19:35 жазылым
7 наурыз, 17:55 тікелей эфир.