15 нау, 2021 сағат 09:40

Дзюдодан Азия ашық кубогі аяқталды: Қазақстан еншісінде 16 медаль

Ақтау қаласында Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия ашық кубогі аяқталды. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Австриядан 200-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

Татами шеберлері 14 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына жалпы 5 «алтын», 8 «күміс» және 14 «қола» медаль түсті. 

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне олимпиадалық рейтингте ұпай үлестіріледі. Атап айтқанда, жеңімпаздар 100 ұпайға ие болса, екінші орынға – 70, үшінші орынға – 50 ұпайдан қосылады. 

IJF күнтізбесі бойынша өткен бәсекеде Халықаралық дзюдо федерациясының жарыс бойынша директоры Лиса Алан, Халықаралық дзюдо федерациясының спорттық комиссияның хатшысы Абдулло Мурадов және Азия дзюдо одағының даму бойынша директоры Деракшан Мохаммад қонақ болып, жарыстың ұйымдастырылуын жоғары бағалады. 

Азия ашық кубогі Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесі бойынша үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. 

Назарларыңызға Азия ашық кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз: 

Ерлер 

60 кг 

1. Мағжан Шамшадин (Қазақстан) 

2. Дәурен Сүйеукенов (Қазақстан) 

3. Бауыржан Жауынтаев (60 кг) 

3. Дамир Меремов (Ресей) 

66 кг 

1. Есет Қуанов (Қазақстан) 

2. Сұңғат Жұбатхан (Қазақстан) 

3. Ермек Амангелді (Қазақстан) 

3. Бауыржан Сағынғалиұлы (Қазақстан) 

73 кг

1. Муроджон Юлдашев (Ресей) 

2. Жанболат Бақбергенов (Қазақстан) 

3. Бақытжан Абдурахманов (Қазақстар) 

3. Барыс Қуан (Қазақстан) 

81 кг 

1. Могаммед Еділбаев (Ресей) 

2. Гиосджонн Бобоев (Өзбекстан) 

3. Арслонбек Тоджиев (Өзбекстан) 

3. Барак Аркабай (Қазақстан) 

-90 кг 

1. Ерсұлтан Мұзаппаров (Қазақстан) 

2. Роман Донстов (Ресей) 

3. Надзидулла Давудов (Ресей) 

3. Рега Палкин (Қазақстан) 

-100 кг 

1. Дмитрий Довган (Ресей) 

2. Денис Баканов (Ресей) 

3. Лев Саркисян (Ресей) 

3. Айбек Серікбай (Қазақстан) 

+100 кг 

1.Ерасыл Қажыбаев (Қазақстан) 

2. Еламан Ерғалиев (Қазақстан) 

3. Ғалымжан Қырықбай (Қазақстан) 

3. Әділ Оразбаев (Қазақстан) 

Әйелдер 

48 кг 

1. Абиба Абужақынова (Қазақстан) 

2. Алина Сергеева (Ресей) 

3. Гульнур Муратова (Өзбекстан) 

3. Марина Воробаева (Ресей) 

52 кг 

1. Лилия Ногаева (Ресей) 

2. Меруерт Сәрсенова (Қазақстан) 

3. Салтанат Сұлтанбекова (Қазақстан) 

3. Нұрсұлу Ералиева (Қазақстан) 

57 кг 

1. Юлия Казарина (Ресей) 

2. Ирина Зуева (Ресей) 

3. Шукружан Аминова (Өзбекстан) 

4. Мухлиса Ганчаева (Өзбекстан) 

63 кг 

1. Айгуль Багауитдинова (Ресей) 

2. Ксения Галицкая (Ресей) 

3. Саёра Мирзахметова (Қазақстан) 

3. Иоланта Бердібекова (Қазақстан) 

70 кг 

1. Дали Лилуашвили (Ресей) 

2. Зере Бектасқызы (Қазақстан) 

3. Фарангиз Холмурадова (Өзбекстан) 

3. Татьяна Зольникова (Ресей) 

-78 кг 

1. Марина Буркеева (Ресей) 

2. Зарина Раифова (Қазақстан) 

3. Татьяна Лиалина (Ресей) 

3. Светлана Воронина (Ресей) 

+78 кг 

1. Дария Владимировна (Ресей) 

2. Камила Берлікаш (Қазақстан) 

3. Рината Ильматова (Өзбекстан) 

3. Анастасия Холодилина (Ресей)