Токиода өтетін Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 25 тамыз күні Жапония астанасы Токиода дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Бүгінде Қазақстан командасы маусымдағы ең ірі спорттық додаға қызу дайындық үстінде. «Дзюдодан Қазақстан командасы Бурабайдағы «Жақсы» спорт базасында дайындық өткізуде. Бұл әлем чемпионаты қарсаңындағы негізгі дайындық кезеңдерінің бірі. 16 тамызда Алматыға оралып, Новоалексеевкада тоғыз күндік жиын өткіземіз. Содан соң әлем чемпионатына аттанамыз», - дейді бас бапкер Айдын Смағұлов.
Токиодағы Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:
60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев
66 келі: Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов
73 келі: Жансай Смағұлов
81 келі: Дидар Хамза, Руслан Мұсаев
90 келі: Ислам Бозбаев
100 келі: Айбек Серікбаев
Аралас командалық сын:
73 келі: Серік Ақылбек
90 келі: Ислам Бозбаев
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев