Қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Әбу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ғ.Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ.
Финалда Ғұсман франциялық Валид Хярды вазари ұпайымен тізе бүктірді.
В.Хияр жартылай финалда тағы бір қазақстандық Елдос Сметовтен айласын асырып кеткен еді. Елдос қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Яго Абуладзеге есе жіберіп, доданы бесінші орынмен аяқтады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың Grand Slam турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.