Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Әбу-Дабиде өтіп жатқан "Grand Slam" турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан дзюдо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 81 кг салмақта татамиге шыққан Дидар жұбаныш финалында әлем чемпионы, иран палуаны Саид Моллаидан басым түсті.
Турнир барысында Д.Хамза алдымен қырғызстандық Владимир Золоевты, сосын ресейлік Аслан Лаппинаговты жеңді. Ширек финалда Израиль елінің өкілі Муки Сагиге есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде болгариялық Ивайло Ивановты ұтып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.
Бұл - қазақстандықтардың "Grand Slam" турниріндегі үшінші медалі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ержан Серікжановтың күміс, Ғұсман Қырғызбаевтың қола жүлде алғанын жазған болатынбыз.