Республикалық адвокаттар алқасы өз әріптестеріне әлеуметтік желілерде адвокаттың кәсіби этикасына қайшы келетін пікірлерді білдіруден тартынуға кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Республикалық адвокаттар алқасының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Facebook әлеуметтік желісіндегі пікірлеріне байланысты заңгер Джохар Өтебековті лицензиядан айыруға емес, тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселені қарау ұсынылғаны айтылған.
«Адвокат әділдік пен заңдылыққа қол жеткізу үшін өзінің кәсіби білімін, оның ішінде сот тәртібімен, заңды шектен шықпай пайдалануға мүмкіндік беретін барлық құқықтық әдістер мен тәсілдерге ие екендігіне назар аудартамыз. Әлеуметтік желілердегі адвокаттың мінез-құлқы кәсіптік салада адвокаттың өзге де әрекеттері сияқты барлық талаптарға сай болуы керек», - делінген хабарламада.