АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.
Джо Байденнің Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесуі 2022 жылдың 14 қарашасында Индонезияның Бали аралында G20 саммиті аясында өтеді, делінген Ақ үй мәлімдемесінде.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьердің айуынша, Байден мен Си АҚШ-Қытай байланысын сақтау және тереңдету, бәсекелестікті жауапкершілікпен басқару және олардың мүдделері тоғысқан жерде, әсіресе халықаралық қауымдастыққа әсер ететін трансұлттық сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеу күш-жігерін талқылайды.
Екі ел басшысы бірқатар өңірлік және жаһандық мәселелерді де талқылайды.