Бүгін Қытайдағы ең бай адам Джек Ма Alibaba Group директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетеді.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, мұны ол бір жыл бұрын жариялаған. Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы қазіргі бас директор Даниэль Чжанға беріледі.
Қызметінен кеткен соң Джек Ма Alibaba Group-тің директорлар кеңесінің мүшесі ретінде компанияның 2020 жылғы жалпы жиналысына дейін жұмысын жалғастырады. Осыдан кейін ол «Alibaba тұрақты серіктесі» қызметінде болады.
Жоспар бойынша бүгін кешке Ханчжоуда Alibaba құрылуының 20 жылдық мерейтойы өтеді. Сол рәсімде директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма қызметін Даниэль Чжанға ресми түрде тапсырады.
Қазіргі уақытта Alibaba Group Джек Маның отставкаға кететіні туралы ресми ақпарат жарияламады.
Джек Ма немесе Ма Юн - қытай кәсіпкері және филантроп. Ол - Alibaba Group табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы, Forbes мұқабасына жарияланған алғашқы қытайлық кәсіпкер.