Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан үкіметтің отставкаға кету себебін сұрады – Дүйсенова бұған Әлихан Смайылов бастама көтергенін айтты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов өз ұсынысын жариялады (отставкаға кету туралы - ред. ескертпесі), ұсынысқа жауап берілді. Бұған қатысты жауапты алдыңыз", - деді Тамара Дүйсенова.
Премьер-министрдің орынбасары Дүйсеноваға министрлер мен премьер-министрдің орынбасарларының барлығы дерлік өз орнын сақтап қалатын болса, министрлер кабинетін тарату неліктен қажет болғаны жөнінде сұрақ қойылды.
"Бұл сұрақ маған қойылатын сұрақ емес шығар. Өздеріңіз естіген баға бар – біз кейбір жерде орындай алдық, кейбір жерде орындай алмадық. Сосын экономиканы жаңғырту, динамика тұрғысынан өте үлкен міндет тұр. Мемлекет басшысы жаңа серпін беру қажет деп шешті", - деп жауап берді премьер-министрдің орынбасары.
Еске сала кетейік, дүйсенбіде Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Кеше премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын жаңа министрлер кабинеті жасақталды. Қазақстанның жаңа үкіметінде 26 адамның 21-і "ескі құраммен" қалды. Ал премьер-министр мен төрт министр жаңадан тағайындалды.