Фото: ашық дереккөз
Алматыда Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир өз мәресіне жетті. Жарысты Social Project Management орталығы ұйымдастырды.
Турнирге қаладағы «Саламат», «Байсат», «Алтын Орда», «Тастақ» сынды ірі базарлардың жастары мен жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Командалар аралас құрамда (ұлдар мен қыздар бірге) ойнады.
Турнирдің алғашқы күні іріктеу ойындарына арналды. Командалар төрт топқа бөлініп, келесі кезеңге өту үшін өзара бақ сынасты. Әр кездесу екі сеттен тұрып, есеп тең болған жағдайда үшінші шешуші сет ойнатылды.
Финалға жолдама алған төрт команда:
-
«Ақбұлақ»,
-
«Арыстан»,
-
«Жаңа Ялян»,
-
«Батыр».
Жеңімпаздар:
-
1-орын – «Ақбұлақ» командасы (250 000 теңге сыйлық);
-
2-орын – «Арыстан» командасы (150 000 теңге);
-
3-орын – «Жаңа Ялян» және «Батыр» командалары (әрқайсысы 50 000 теңгеден).
Жобаның мақсаты – жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Бұған дейін бұл жоба аясында шағын футбол, үстел теннисі және киберспорт турнирлері өткен. Келесі кезекте – баскетбол жарысы жоспарланып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық жобалар арқылы базар жастарының әлеуметтенуіне, белсенді өмір салтын ұстануына және жаңа достар табуына мүмкіндік жасалып отыр.
