22 там, 2024 сағат 19:07

Душанбедегі кездесу: Қазақстан тарапы Тәжікстанға электрондық үкіметті дамытуға көмектеседі


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Тәжікстан астанасына ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон электрондық үкіметті дамыту туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Баяндаманы ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев және Тәжікстанның Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің директоры Мирзо Хуршед жасады.

Олар мемлекет басшыларына биыл Тәжікстан серверлерінде «Бірыңғай интернет-ресурстар платформасы» (БИРП) және SmartBridge жүйелерінің компоненттері орналастырылғанын айтты. Мәдиев пен Хуршедтің айтуынша, тәжік мамандары даярланып, сайттар жаңартылып, қазақстандық әзірлемелер интеграциялануда.

Тараптар мемлекеттік қызметтерді жақсарту және мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін талқылады.