04 сәу, 2022 сағат 14:57

Дүрбелең болмауы керек - ауыл шаруашылығы министрі көкөніс бағасы туралы


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азық-түліктің қымбаттауы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілістен кейін министрге көкөніс бағасы туралы сұрақ қойылды.

"Егер бүкіл статистиканы қарасаңыз, маусымдық фактор бар, шынымен, бірқатар тауар бойынша жалпы инфляция 12 пайыз, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша", - деді Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, қымбаттшылық тұрақтандыру қорында жинақталған өнімнің аяқталуымен байланысты.

"Егер статистиканы алсаңыз, орташа жылдық мәліметті қараңыз, жылдан жылға өсу бар. Биыл өсім соншалықты үлкен емес, негізгі азық-түлік өнімдері, қорлар бар, олар ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді. Сондықтан дүрбелең болмауы керек", - деп жауап берді Қарашөкеев.