13 ақп, 2020 сағат 13:25

ДСМ өкілі Уханьнан эвакуацияланған студенттер карантиннен қашан шығатынын айтты

Алдағы жексенбіде Уханьнан эвакуацияланған Қазақстан студенттері карантиннен шығады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«11 ақпанда Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 азаматымыз үш күндік тексеруден кейін дәл қазір ауруханадан шығарылуда. Барлығының денсаулығы жақсы. Анализдерінде ауытқу жоқ. Уханьнан эвакуацияланған студенттеріміз осы алдағы жексенбіде карантиннен шығарылады. Дүйсенбі, 17 ақпанда біз БАҚ өкілдерін сол студенттермен кездесуге шақырамыз. Олар барлық жағдайды егжей-тегжейлі баяндап береді. Уақыты мен өткізілетін орнын қосымша хабарлайтын боламыз», - деді Диас Ахметшәріп.