"Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 75 келідегі Досжан Кәртіков алғашқы кездесуін жеңіспен бастады", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әлем чемпионатының қола жүлдегері бірінші белдесуінде 25 жастағы грузин балуаны Зураб Датунашвилимен кездесті. Жерлесіміз партерде сәтті өнер көрсетіп, екі ұпай еншіледі.
Айта кетейік, грек-рим күресінен еліміздің намысын үш балуан қорғап жүр.
Ұлт порталы