Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев премьер-министр креслосында кім отырғаны маңызды емес, жүйеде өзгеріс болуы керек екенін айтады.
- «Қазақстанда болған 11
премьер-министрінің көпшілігі шығын материалының рөлін атқарды.
Авторитарлы
жүйеде олардың барлығы ескі ойынның мүшесі болды: «Патша жақсы, уәзірлер жаман».
Өйткені,
экономикадағы және тағы да басқа салалардағы
барлық сәтсіздіктер үшін қоғамда жиналған уытты аудара салуға жаман
уәзірдер үнемі қол астыңда болуы керек. Уытты сол
сәтсіздіктерден тасада сияқты көрінетін президенттен аластату үшін керек.
Сондықтан, премьер креслосында кім отырғаны маңызды емес. Ерте ме, кеш пе, оны бәрі бір алып тастайды. Істің нәтижесінен көрі ресурстарды бөлу мен мемлекеттік аппарат ішіндегі ықпал, басқарудың барлық сатысындағы үнемі болатын сәтсіздіктер аппарат іші бақылауының бір бөлігі болғанда және құрылымдық реорганизация маңызды болатын жүйеде ол кадрлық ауысым және қаржыны қайта таратуды ақтап алу үшін қолданылады. Әлихан Смаилов та өз рөлін ойнап шықты», -дейді Досым Сәтпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше елде Үкімет басшысы ауысқан болатын. Бұрынғы премьер-министр Әлихан Смаилов президенттің жарлығымен қызыметін босатып, оның орнына 43 жастағы Олжас Бектенов келді.