25 сәу, 2017 сағат 17:58

Досым Сәтпаев БЖЗҚ қоғамдық кеңесінен шығатынын хабарлады

Саясаттанушы Досым Сәтпаев, экономист Рахым Ошақбаев пен «Қаржылық еркіндік» («Финансовая свобода») қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" қоғамдық кеңесінің құрамынан шықты. Бұл туралы саясаттанушы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оның себебі түсінікті. Бізде БЖЗҚ-мен қоғамдық кеңестің немен айналысатыны, қай бағытта жұмыс жасайтыны және қандай мәселелерді көтеретініне байланысты принциптік келіспеушіліктер жиі туындады», - деп жазды Сәтпаев.