30 қаң, 2019 сағат 13:20

Досаев: Астананы газдандыруға 1900 адам жұмылдырылады

Бүгін Елбасының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев «Сарыарқа» газ құбыры жобасы аясында қанша жұмыс орны құрылатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен жылы желтоқсанда «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын бастауға рұқсат бердіңіз. Бүгінде құрылысты қаржыландырудың мәселелері шешеліп, бас мердігер анықталды. Жобаны жүзеге асыру мен газ құбырын пайдалану кезеңінде 1 900-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады», - деді Е. Досаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпы ұлттық телекөпір барысында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысына бастау берілді.  

Сонымен қатар, жақында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталмыш жоба аясында құбыр тарту жұмыстары туралы баяндады.