12 қаң, 2021 сағат 08:22

Доллардың ресми бағамы 419 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 11 қаңтар кешімен салыстырғанда доллар 0,81 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 419,99 теңге болды. 

Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,13 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,60 теңге сатылса, ал сатып алу - 420,04 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 421,59 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 420,46 теңге.