16 нау, 2021 сағат 09:30

Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 наурызбен салыстырғанда 0,39 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 419,23 теңге болды. 

Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,82 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 419,71 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,18 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 418,95 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 417,84 теңге. 

Айта кетейік, Қор биржасында АҚШ ақшасы екі күн қатарынан қымбаттап келеді.