24 мам, 2022 сағат 15:44

Доллар тағы да күрт құлдырады


Доллар бағамы тағы да құлдырады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,56 теңгеге төмендеп, 416,91 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 24 мамырдағы ресми бағамы 424,84 теңге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 417,64 теңге, ал сатылымда - 422,44 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 416,14 теңгеден сатып алып, 419,59 теңгеден сатып жатыр.