04 ақп, 2021 сағат 08:43

Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 3 ақпан кешімен салыстырғанда 1,15 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 422,42 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 4 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 59 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 421,71 теңге, сатып алу – 422,30 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,06 теңгеден болса, ал сатып алу – 423, 10 теңгені құрайды.

Айта кетейік, АҚШ доллары төрт күн қатарынан арзандады.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,22 теңге болған еді.

2 ақпанда 0,81 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 423,51 теңгені құрады.

3 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 74 теңге болды.