01 сәу, 2022 сағат 15:50

Доллар тағы 6 теңгеге қымбаттады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5, 53 теңгеге қымбаттаған. 

Осылайша АҚШ долларының орташа бағамы 472, 56 теңгеге тең болды. Ал, Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы 1 долларға 466, 31 теңге болатын.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475, 50 теңге, сатып алу – 478,67 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474, 82 теңгеден болса, сатып алу құны – 478, 64теңге.