28 нау, 2022 сағат 18:30

Доллар тағы 10 теңгеге арзандады


Доллардың теңгеге қатысты бағамы күрт төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10, 52 теңгеге төмендеген.

Қазір бір АҚШ долларының орташа бағамы 483, 74 теңгеге тең. Ал, Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы 1 долларға 494, 16 теңге еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477,19 теңге, сатып алу – 482,52 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 478,18 теңгеден болса, сатып алу құны – 483, 73 теңге.