08 қар, 2022 сағат 15:43

Доллар сәл арзандады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 464,01 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 8 қарашадағы ресми бағамы – 464,40 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 465,5 теңге, сатып алу – 469 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466,7 теңгеден болса, сатып алу – 468 теңге.

Ресей рублі 7,24 - 7,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 8 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,59 теңге болды.