08 там, 2025 сағат 10:47

Доллар мен еуро тағы өсті


фото: ratel.kz

Доллар мен еуро тағы өсті, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық банк 8 тамызға арналған валюта бағамын жариялады.

Теңгеге шаққандағы АҚШ долларының 8 тамыздағы құны 536,58-ден 539,38-ге көтерілді.

Бүгін 1 Еуро 629,46 теңгені құрап отыр. Ал кеше еуроның теңгеге шаққандағы бағамы 622,75 болған.

8 тамыздағы көрсеткіш бойынша Ресей рублі 6,76 көтерілген. Кеше 1 руль 6,71 теңгені құраған

Қытай юаньі да көтерілген. Кеше 1 юань 74,68 құраса, бүгін бұл көрсеткіш 75,14 көрсетіп тұр.