26 сәу, 2022 сағат 15:35

Доллар қымбаттады


Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,09 теңгеге көтеріліп, 453,53 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26 сәуірдегі ресми бағамы 448,26 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 453,40 теңге, сату - 456,91 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 453,25 теңгеден сатып алынып, 456,50 теңгеден сатылып жатыр.