06 мам, 2022 сағат 15:36

Доллар қайта қымбаттады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434,47 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 6 мамырдағы ресми бағамы 427,80 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 437,63 теңге, сату - 443,18 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 437,28 теңгеден сатып алынып, 441,71 теңгеден сатылып жатыр.