09 жел, 2024 сағат 12:24

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай


Фото: freepik.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 – 517 теңгеден саудаланып жатыр, -деп хабарлайды ult.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 9 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 514,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 544,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,1 теңге. Еуро 537 — 545 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 507 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,12 - 5,22 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 6 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 10,34 теңгеге төмендеп, 513,62 теңге болған.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді. 
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты. 
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.