11 сәу, 2018 сағат 08:33

Доллар бір тәулікте қаншалықты қымбаттады?

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай әлсіреді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратTengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 330,68 теңгеге тең болды. Еске салайық, 10 сәуірде күндізгі сессияда доллар бағамы 325,88 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 329,70 теңгемен өтті және осы ең минималдық құны болды, ал максималдық құны - 331,90 теңге. Сауданың жалпы көлемі 320,4 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 328-336 аралығында. Ал, 11 сәуірде Астана уақытымен 11.00-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 70,72 доллар болды.