03 ақп, 2021 сағат 08:23

Доллар бағасы үшінші күн қатарынан арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 2 ақпан кешімен салыстырғанда 0,16 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 423,56 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 3 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 423, 74 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,25 теңге, сатып алу – 424,77 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 422,81теңгеден болса, ал сатып алу – 423, 91 теңгені құрайды.

Айта кетейік, АҚШ ақшасы үшінші күн қатарынан арзандады. Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,22 теңге болған еді. 2 ақпанда 0,81 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 423,51 теңгені құрады.