31 там, 2021 сағат 11:42

Доллар бағасы тағы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 27 тамыз кешімен салыстырғанда 0,43 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425,32 теңге болды. 

Ұлттық банктің 31 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,01 теңге, сатып алу – 426,53 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,84 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 05 теңге.