25 там, 2021 сағат 11:35

Доллар бағасы қайта арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 тамыз кешімен салыстырғанда 0,37 теңгеге құлдырап, 1 доллар 424,30 теңге болды. 

Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,63 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,36 теңге, сатып алу – 425,88 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,00 теңгеден болса, сатып алу құны – 425,26 теңге.