28 сәу, 2022 сағат 15:45

Доллар бағасы екінші күн қатарынан арзандап жатыр


Доллардың теңгегег шаққандағы ресми бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 448,49 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 28 сәуірдегі ресми бағамы 449,55 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 450,34 теңге, сату - 453,99 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,46 теңгеден сатып алынып, 451,67 теңгеден сатылып жатыр.