26 қыр, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы тағы төмендеді


Доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы 2, 5 теңгеге төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге төмендеп, 477,37 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24-26 қыркүйектегі ресми бағамы долларға 479,42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 479,81 теңге, сату - 484,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,44 теңгеден сатып алынып, 479,68 теңгеден сатылып жатыр.