16 қыр, 2022 сағат 15:42

Доллар бағамы тағы өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,52 теңгеге қымбаттап, 476,71 теңге болды. АҚШ валютасының 16 қыркүйектегі ресми бағамы 474,19 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 477,5 теңге.

Сондай-ақ, Ресей рублі 7,45 - 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.