03 қаз, 2022 сағат 15:35

Доллар бағамы сәл төмендеді


Доллар теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 475,51 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 1-3 қазандағы ресми бағамы - 476,71 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,93 теңге, сату – 479,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,56 теңгеден сатып алынып, 478,65 теңгеден сатылып жатыр.