11 там, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы сәл төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,39 теңгеге төмендеп, 477,67 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 11 тамыздағы ресми бағамы - 478,01 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 474,92 теңге, сату - 479,20 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,18 теңгеден сатып алынып, 479,44 теңгеден сатылып жатыр.