23 мам, 2022 сағат 15:50

Доллар бағамы сәл төмендеді


Доллар бағамы бүгін де төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 424,84 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 424,80 теңге, сатылымда - 429,08 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 424,18 теңгеден сатып алып, 427,16 теңгеден сатып жатыр.