04 там, 2022 сағат 15:44

Доллар бағамы сәл өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге өсіп, 476,18 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 4 тамыздағы ресми бағамы - 476,27 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 474,95 теңге, сату - 478,83 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,12 теңгеден сатып алынып, 478,17 теңгеден сатылып жатыр.