31 қаз, 2022 сағат 15:45

Доллар бағамы сәл көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге көтеріліп, 468,35 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 29-31 қазандағы ресми бағамы - 467,00 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 467,90 теңге, сату – 472,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,26 теңгеден сатып алынып, 470,73 теңгеден сатылып жатыр.