16 мам, 2022 сағат 15:44

Доллар бағамы сәл көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге көтеріліп, 429,57 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 16 мамырдағы ресми бағамы - 427,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 430,42 теңге, сату - 434,86 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,41 теңгеден сатып алынып, 434,04 теңгеден сатылып жатыр.