25 сәу, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,17 теңгеге көтеріліп, 448,26 теңгені құрады. Айта кетейік, доллардың 23-25 сәуірдегі ресми бағамы 443,99 теңге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 448,94 теңге, сатылым - 452,16 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 447,19 теңгеден сатып алады, 449,56 теңгеден сатады.