02 жел, 2021 сағат 11:33

Доллар тағы да қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,52 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 435,72 теңге болды. 

Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434,16 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,10 теңгеден сатылса, сатып алу – 438, 00 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,78 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438, 12 теңге.