27 қаз, 2022 сағат 15:53

Доллар бағамы күрт төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 5,51 теңгеге төмендеп, 465,36 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 27 қазандағы ресми бағамы - 471,32 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы – 467,44 теңге, сату – 471,59 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 465,06 теңгеден сатып алынып, 469,32 теңгеден сатылып жатыр.