22 қыр, 2022 сағат 15:58

Доллар бағамы көтерілді



Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,43 теңгеге көтеріліп, 481,29 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 22 қыркүйектегі ресми бағамы - 477,73 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 481,72 теңге, сату – 486,05 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 480,36 теңгеден сатып алынып, 484,41 теңгеден сатылып жатыр.