22 қаз, 2021 сағат 11:40

Доллар бағамы көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 21 қазан кешімен салыстырғанда 0,72 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 426, 46 теңге болды. Ұлттық банктің 22 қазандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 425,71 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,8 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,30 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 426,00 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,30 теңге.