13 там, 2021 сағат 11:20

Доллар бағамы көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 тамыз кешімен салыстырғанда 0,73 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 425,01 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424,24 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,15 теңгеден сатылса, сатып алу - 426, 66 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 425,98 теңге.