15 нау, 2021 сағат 09:00

Доллар бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндермен салыстырғанда 0,02 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 418,70 теңге болды.

Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,64 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,57 теңге сатылса, ал сатып алу - 418,05 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,09 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 418,01 теңге.