25 қаң, 2021 сағат 08:28

Доллар бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы өткен демалыс күндерімен салыстырғанда 0,94 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 420,69 теңге болды. Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы:1 доллар - 419,69 теңге.

Бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 421,82 теңгеден сатылса, сатып алу - 420,23 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 421,69 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 420,42 теңге.